"This is only the first step": Тоқаев LRT құрылысына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы елордада алғаш рет іске қосылған жүйені ашылуына арнайы барды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ашылған LRT құрылысына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"This is only the first step! – Бұл жолдың басы ғана!", - деді Президент компания жұмысшыларымен сөйлесу кезінде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.