The New York Times басшысы: Идеялар қағазда қалмай, әрекетке айналуы керек

New York Times басылымының Licensing Group жаһандық лицензиялау және баспа инновациялары бөлімінің басшысы Майкл Гринспон Қазақстанмен әріпстестікті жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордада өтіп жатқан Qazaqstan NEXT 2026 форумында Нью-Йорк қаласынан арнайы бейнеқұттықтау жолдаған New York Times басшысы форумға жеке қатыса алмағанына өкініш білдіре отырып, қатысушыларды Qazaqstan NEXT 2026 және Turning Points Kazakhstan басылымының алғашқы шығарылымымен құттықтады.

Өкінішке қарай, өзім барып, жүзбе-жүз қатыса алмай тұрмын. Дегенмен сіздерді Kazakhstan Next 2026 форумымен және Turning Points Kazakhstan басылымының алғашқы шығарылымымен қуана құттықтаймын, – деді ол.

Оның айтуынша, Turning Points сериясының мақсаты – алдағы жылға ықпал ететін үрдістер мен факторларды талдап, олардың көшбасшылар үшін қандай мәні бар екенін және қандай шешімдер қабылдау қажет болатынын көрсету.

Әңгіме тек ненің өзгеріп жатқаны жайлы емес, бұл өзгерістердің көшбасшылар үшін нені білдіретіні және алда қандай таңдау жасау керектігі туралы. Turning Points сериясының да негізгі мақсаты осы: алдағы бір жылға ықпал ететін трендтер мен күштерді саралап, соны талдау, – деді Майкл Гринспон.

Спикер басылым мен форумның қатар ұйымдастырылуының маңызына да тоқталып, ең өзекті ойлар пікірталас барысында пісіп-жетіліп, кейін нақты әрекетке ұласатынын айтты.

Басылымды осындай форуммен қатар өткізу өте маңызды. Себебі ең жақсы ойлар мен түйіндер тек қағаз бетінде қалып қоймайды. Әртүрлі көзқарастағы адамдар бір қатарда отырып, пікір алмасқанда сол ойлар талқыланып, нақты іске айналады, – деді ол.

Еске салайық, елордада жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумы өтіп жатыр. Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы