The New York Times 19 жастағы қазақ баласы жайлы мақала жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Бұл басылымда әлемдік хит әндердің ремиксін жасаумен айналысатын Иманбек Зейкенов жайлы мақала жарияланды.
Иманбек алғашқы ремиксін жасаған кезде жергілікті темір жол стансасында жұмыс істеп жүрген. Сол кезде "Святой Иоанна" әніне қызығушылық танытып, оны билеуге икемдеп жасап шыққан. Нәтижесінде бұл әнді жаңа деңгейге көтерген.
19 жастағы Иманбек Зейкенов ата-анасымен бірге Қазақстанның Ақсу қаласында тұрады. Ол темір жол машина құрастыру мектебінде білім алып, өткен жылдың желтоқсан айына дейін теміржол стансасында жұмыс істеді. Алайда 2019 жылдың жазында бәрі өзгерді. Өйткені ол америкалық рэпер әрі әнші Сент-Джонның "Розы" атты әніне ремикс жазған еді, - деп жазды басылым.
Иманбек өзінің ремиксін алғашында ресейлік әлеуметтік желіге жүктейді. Осылайша, ол бірнеше айдың ішінде поп-жұлдызға айналды.
"Roses" әнінің алғашқы нұсқасының шыққанына төрт жыл толғанда Иманбектің ремиксі өңі жаңа белеске көтеріп, бұл ән халықаралық хитке айналды. АҚШ-ғы Billboard Hot 100-тің нөмірі 5 әні болып, Біріккен Королдіктегі хит әндердің басында тұрды. Иманбек бұған дейін әндерді заңсыз көркемдеп келсе, өткен жылдың тамыз айында ресейлік Effective Records лейблымен келісімшарт жасасқан. Одан кейін Saint Jhn компаниясымен ресми келісімге келген, - деп жазды басылым.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы