The Lancet: Pfizer вакцинасының үшінші дозасын алудың тиімділігі дәлелденді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Клалит және Гарвард университетіне қарасты зерттеу институтының ғалымдары Pfizer/BioNTech вакцинасының үшінші дозасын алу SARS-CoV-2 коронавирустың «дельта» штамына қарсы тиімді деп таныды. Нәтижелер көрсеткендей, екпенің үшінші дозасы вакцинациядан кейін бір апта өтпей жатып COVID-19-дың ауыр салдарына қарсы тұрады.
Бұл туралы The Lancet журналы жазды.
Зерттеу жұмыстары биыл жаздың ортасынан бастап қыркүйектің соңына дейін жүргізілген. Бұл Израильде және әлемнің бірқатар елдерінде Delta (B.1.617.2) нұсқасы өршіген коронавирустың төртінші толқынымен сәйкес келді деп отыр мамандар. 12 жастан асқан 728 321 адам талданып, оларға BNT162b2 вакцинасының үшінші дозасы салынған. Әр пациент вакцинаның тек екі дозасын алған адаммен салыстырылған.
Бес ай бұрын вакцинаның тек екі дозасын ғана алғандарға қарағанда екпені үшінші рет салдырғандарда індетке шалдығып, ауруханаға түскендер 93%-ға азайған. Сондай-ақ COVID-19 тудырған ауыр ағым 92%-ға, ал коронавируспен байланысты өлім-жітім қатері 81%-ға төмендепті. Осы орайда вакцинаның тиімділігі ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де жас ерекшелігіне қарамастан ілеспе ауруларының мөлшеріне қарамастан тиімділік көрсеткен.