The Economist роликте Украинаны Қырымсыз көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Ұлыбританиядағы елшілігінің өкілдері дипломатиялық өкілдіктің Twitter-інде қатені жөндеуді сұрады. Бұл туралы korrespondent.net агенттігі хабарлады.

Британияда апта сайын шығатын The Economist журналы ролик көрсетті. Онда Қырым Украинаның құрамында жоқ. Мұны Украинаның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшілігі байқап қалған.

Біз құрметке ие және әлемге танымал басылым картаны тиісінше дұрыстайды деп үміттенеміз, - делінген дипломатиялық миссияның хабарламасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы