Тежегіші істен шыққан жүк көліктің жүргізушісі көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Зардап шегуші шұғыл түрде Алматы қаласы Орталық аурханасының қабылдау бөліміне жеткізілгенген.

Ірі жол апаты 3 қараша күні Дулати мен Набережная көшелерінің қиылысын болған. 

Жүк тиеген Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шығып Nissan Maxima-ны соққан, кейін жол жиегіндегі көше шамын, жарнама қалқанын, аялдама кешенін, трансформаторды және жеке үйдің қақпасын қиратқан. Көлік тоқтаусыз кеткенде жүргізуші салоннан секіріп кеткен. Апаттан кейін жүргізушіні бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген.

1973 жылы туған науқас жедел түрде Алматының Орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша ол үшінші қараша күні болған жол апатында жарақат алған. Оны жедел жәрдем тобы ауыр халде біздің аурхананың жансақтау бөліміне жеткізді. Науқасты нейрохирург, травматолог және басқа да мамандар қарап, өмірін сақтап қалуға тырысты. Өкінішке қарай жүргізуші көз жұмды,-дейді атлаған аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Шұқманов.
Алматы Полиция департаменті көлік жүргізушінің қайтыс болғанын растады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы