Тез тот басатын автомобильдер белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарапшылар тот тез басатын автомобильдерді атады. Бұл туралы lenta.ru РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, коррозияға қарсы ең төменгі қорғаныс машинасы - ресейлік «Патриот» УАЗ жол талғамайтын көлігі. Мамандар тот тіпті 2018 жылға дейін шығарылған жаңа автомобильдерден де табылғанын атап өтті.Сондай-ақ, «бірнеше қыстан кейін» тот пайда болуы мүмкін машиналардың қатарына Lada Granta, Renault Logan және Sandero кірді. Басылымның мәліметінше, коррозияға қарсы ең төменгі қорғанысы бар арзан кроссоверлердің ішінде Skoda Yeti-ді, ал орташа баға сегментінен жапондық Mazda 6-ны атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы