Тетіктің дер кезінде іске қосылуынан 140 азамат өлімнен аман қалды
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев хабарлады. Ол сондай-ақ ТЖМ бөлімшелері 15 тамыз бен 15 қазан аралығында халыққа пеш орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша республикалық өрт қауіпсіздігі акциясы өтіп жатқанын мәлім етті.
Айтуынша, оны тек жылдың жылы мезгілінде, өрт қауіпсіз кезде ғана өткізуге болады.
Өрт қауіпсіздігі акциясының I кезеңінде 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасы балаларының тұрғын үйлеріне бару, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін ұйымдастырылды, - деді басқарма басшысы.
Айта кететін жайт, бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 66 000-нан астам тұрғын үйді аралап шықты. Бұл ретте 2 000 үйдің тұрғындары тексеру мен кеңес беруден бас тартты. 48 000 үйге әкімдік өкілдерімен бару жүзеге асырылған. Оның барысында 195 000 азаматқа нұсқау берілді.
18 мыңға жуық тұрғын үйде 41 000 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды, оның ішінде 12 000-нан астамы сол жерде жойылды. Әлеуметтік қорғау органдарының ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 000-нан астам тұрғын үйі есепке қойылыпты.
Жаз мезгілінде жеке тұрғын үйлерде 2 089 датчик, оның ішінде табиғи газ – 1 200, улы газ – 869 және 20 түтін хабарлағыш орнатылды. Өткен жылыту кезеңдерінде 36 датчиктің іске қосылуы нәтижесінде 140 азамат өлімнен аман қалды, - деп атап өтті Ерлан Төрегелдиев.
15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі акциясының II кезеңі өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкпардан ҚР жастар чемпионатының жеңімпазы анықталды
Өзгелердің жаңалығы