Tesla жеткізушілерден Қытайда жасалған бөлшектерді алып тастауды талап етті
Tesla АҚШ-та құрастырылатын электромобильдерінде Қытайда өндірілген компоненттерді пайдалануды тоқтатуды талап етіп, жеткізушілеріне жаңа талап қойды. Компания келесі бір-екі жыл ішінде Қытайдан тыс өндірілген бөлшектерге толық көшуге ниетті, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, Tesla мен оның серіктестері биылдың өзінде кейбір қытайлық бөлшектерді басқа елдерде жасалған компоненттермен алмастырып үлгерген. Бұл процеске АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген жоғары импорттық тарифтер ерекше түрткі болған.
WSJ атап өткендей, бұл талап Вашингтон мен Бейжің арасындағы геосаяси шиеленістің өндіріс тізбегіне тікелей әсер етіп отырғанының тағы бір дәлелі.
11 қарашада Трамп Жоғарғы сот АҚШ-тың тарифтерін заңсыз деп таныған жағдайда, ел өзінің сауда серіктестеріне 2 трлн доллардан астам өтемақы төлеуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Трамп Бразилиялық кофеге салынған баж салығын алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатқанын да айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индонезияда көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы