Tesla Roadster жаңа моделі көкке ұша алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SpaseX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Джо Роганның подкастында жаңа Tesla Roadster моделі туралы айтты.

Илон Маск жанкүйерлеріне Tesla-ға зымыран қозғалтқыштарын орнатуға уәде берді. 

Кәсіпкердің айтуынша, мұндай зымыран қозғалтқыштарының көмегімен электромобильдер әлдеқайда жылдам болады және тіпті жер үстінен көтеріле алады.

Бұл ретте Маск компаниясының басты міндеті - жолаушылардың қауіпсіздігі.

Мен ешкімді жапа шектірмейтіндей етіп, барлық керектіні анықтауға тырысамын, - деп түсіндірді миллиардер.

Tesla Roadster жолдың үстінен 1 метр биіктікке көтеріле алады. 

Электр машиналарының екінші буыны 2022 жылы шығады деп күтілуде. 

Жаңа Tesla автокөлігінің тұжырымдамасы 2017 жылы көпшілік назарына ұсынылды. 

Roadster-де жаңартылған спорттық корпусы бар, салонда төрт жолаушы тұра алады. 

Илон Маск бұл әлемдегі ең жылдам жүретін автомобиль екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы