Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб шұғыл хабарлама таратты
Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабы Ақтөбе қаласының тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен, 2024 жылы 20 тамызда қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған.
Іс-шараның шарттары күрделіліктің әртүрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырады.
Айта кетсек, мамыр айында Абай және Жамбыл облыстарында да терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан Қырғызстанға ірі қара мал экспорты 5 есе артқан
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы