Терроризмді насихаттаған Абай облысының тұрғыны ұсталды

29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол терроризмді насихаттауда күдіктенуде, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы