12 Ақпан 2025 2025, 09:50 Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды

Бұл туралы ҰҚК Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҰҚК Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың 28 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғыны ұсталды. Ол терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде. 

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.