Терроризмді насихаттады деген күдікпен шымкенттік ұсталды

28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК
Өзгелердің жаңалығы