ҰҚК терроризмге қатысы бар қылмыстық топты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризмге қатысы бар деген күдікпен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған. Тергеу амалдары жалғасуда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы