Терроризм жайлы жалған ақпарат таратқандардың үстінен 72 қылмыстық іс қозғалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Спартак Қабденов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Биылғы 5 айда электрондық хабарламалар жолдау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Интернет арқылы жолданған жасырын жалған хабарлардың түсуі осы санаттағы қылмыстардың өсуіне әкелді. Өткен жылы терроризм актісі туралы 73 көпе-көрнеу жалған хабар тіркелсе, биылғы 5 айда ғана қылмыстық істердің саны 72-ге жетті, - деді Спартак Қабденов.
Ол атағандай, қылмыстарды ашу көбірек уақыт қажет етеді, алайда мұндай қылмыстар да жазасыз қалмайды.
Мысалы, осы жылы наурызда Көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әртүрлі 36 объектінің электрондық пошталарына жалған хабар жолдаған Қостанай облысының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді ол.
Наурыз айында көліктегі полиция департаменті Қостанай облысының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әртүрлі 36 объектінің электронды пошталарына жалған хабар жолдаған қостанайлық тұрғынды ұстады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ Атырау облысында да бір оқушы сабақтың шырқын бұзу үшін мектептің электронды поштасына хабарлама жолдаған. Жалпы, межелі мерзімде тергеу аяқталып, 12 қылмыстық іс сотқа жолданды. 5 адамға қатысты сот үкімі шықты, екі адам бас бостандығынан айыруға, екі адамның бостандығына шектеу қоюға, бір адамды шартты мерзімге соттау жөнінде шешім шықты, -деді ІІМ өкілі.