Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан қылмыскерлерге рақымшылық жасала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Разуев айтқандай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымышылық жасау туралы заң жобасы Парламент қарауында тұр.Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 40 адам жазасын өтеп жатыр. Оның 23-і жабық түрдегі түзеу мекемесінде отыр. 21 - ер, 2 – әйел адам. 17 адам бас бостандығынан шектеу жазасымен пробация қызметінің бақылауында тұр, - деді ол.
Ол заң жобасы бойынша осы санаттағы қылмыскерлерге рақымшылық жасауға ешқандай шектеу жоқ, - деді Дархан Разуев.
Осыған дейін ол жалған хабарлама таратқандарға қандай жаза қолданылатынын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы