Террористік қатерді жоюға батыл іс-қимылдар жасалды – Иван Кирин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Террористік қатерді жою, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру және Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тараптың жедел әрі батыл іс-қимылдарына қолдау білдіремін, деді Хорватия Республикасы Саборындағы Хорватия-Қазақстан парламентаралық ынтымақтастық тобының төрағасы Иван Кирин.

Қазақстан басшылығы жариялаған демократиялық реформалар бағыты мен Президент Қ.Тоқаевтың Үкіметтің жаңа құрамына қойған міндеттері экономикалық және әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қызмет ететініне сенімдіміз. Қазақстандық депуттарына Қазақстан халқының игілігі үшін ауқымды мемлекеттік реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету жолында табысты жұмыс тілеймін, - деді Иван Кирин.

Сондай-ақ, «Оңтүстік Африка исламтанушы теологтарының қауымдастығы»  құрылымының Бас хатшысы Ибраһим Бам да өз пікірін білдірді.

Көптеген жазықсыз адамдардың қаза болуына әкелген, зорлық-зомбылықтан туындаған күйзеліс пен тұрақсыздықтың себепшісі болған соңғы оқиғалар туралы хабарларды естіп, Қазақстан Республикасының халқы мен Үкіметіне біздің қолдауымызды білдіргіміз келеді. Тек өздерінің ғана біржақты саяси мүдделерін көздеп, Қазақстанның қарапайым халқына орасан зор зиян мен қасірет әкелген барлық элементтерді қатаң айыптаймыз. Ұлы ислам мұрасына ие сіздің тарихи жеріңізде тұрақтылықты, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіруі үшін, Қазақстан басшылығы мен бейбітшілік сүйгіш халқына, Алла Тағаламыз, өзінің бағыт-бағдары және күш-қуатының беруін тілеп, дуға етеміз. Жаратқан иеміз баршамызға жөн сілтеп, бағыт көрсетсін!, - деді Ибраһим Бам.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы