Бүгiн 2026, 08:25 Фото: Көлік министрлігі

Термез диалогында көлік дәліздерін дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды

Іс-шараның ашылу рәсімі мен  АӨСШК-нің пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысып, баяндама жасады.

2026 жылғы 4–6 маусым аралығында Өзбекстанда «Бейбітшілік, өзара байланыс және тұрақтылық: ортақ дамудың негізін қалыптастыру» тақырыбымен Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланыс жөніндегі Термез диалогының екінші отырысы өтуде.

Іс-шараға Орталық Азия елдері, Әзербайжан және Ауғанстан министрліктері мен ведомстволарының басшылары, Иран, Үндістан және Бангладештің стратегиялық институттары мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Еуропалық Одақ (ЕО) секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Іс-шараның ашылу рәсімі мен  АӨСШК-нің пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов қатысып, баяндама жасады.

Өз сөзінде ол жаһандық логистиканың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Орталық Азиядағы құрлықтық көлік бағыттарын, оның ішінде Оңтүстік Азия елдеріне шығатын дәліздерді одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Сөз соңында Жәнібек Тайжанов шетелдік әріптестерін қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен тұрақты алмасуға шақырып, өңір елдерінің ақпараттық жүйелерін бірыңғай базалық платформа аясында үйлестіруді ұсынды.