Тергеу изоляторындағы қателік: сотталған азамат заңсыз босатылмақ болған
Атырау қаласындағы тергеу изоляторында қызметкер жіберген қателік салдарынан сотталған азаматты мерзімінен бұрын босатуға құжат рәсімделген. Бұл туралы ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, заңсыз босату дерегі дер кезінде анықталып, оның жолы кесілген.
Сотталған адам түзеу мекемесінде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қызметтік тергеу жүргізілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, – делінген ҚАЖК хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада биыл 8 жаңа студенттік жатақхана ашылады
Өзгелердің жаңалығы