Тергеу изоляторында отырған әйел босанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторында отырған азаматша үшінші перзентін дүниеге алып келді, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.
Ол алаяқтығы үшін 3 жыл 6 айға сотталған. Бүгін ана мен бала орталығында босанып, үшінші перзентін дүниеге алып келді. Азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті, - делінген хабарламада.Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі сәбидін құжатын рәсімдеу жұмыстарымен айналысуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматының жаңа оқу жылына дайындығы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы