Тергеу изоляторында Наурыз мерекесі аталып өтті
Алматы, BAQ.KZ. ШҚО-да ОВ-156/1 тергеу изоляторында Наурыз мерекесі сотталғандар «Шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы» аталып өтті.
Өскемен қаласындағы Тергеу изоляторының «Шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы» сотталғандар өз ниеттерімен мерекеге Наурыз көже пісіріп, дастархан жайып, ұлттық ойындарды ойнап, өз араларында мерекені атап өтті.
Сотталғандар ұмытылып бара жатқан «асық ату» ойынын күннің суығына қарамай, балаша таласа ойнап, бір-біріне үйретіп, әлі күнге дейін бұл ойынның ескірмегенін көрсетіп, таңғалдырды. Бір мезетке балалық шақтарына барып қайтқандай, езулерінде шынайы күлкімен қуаныш байқалды.
Арқан тартысу, гір көтеру ойындарында сотталғандар арасында қаншама мықты ер азаматтар бар екені, қазақтың ұлттық ойындарын әлі күнге дейін естен шығармай, қызығып ойнайтындығы қуантты.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық әндерін дәріптеп жүрген «ӘнСалдар» тобы ұлттық аспаптарымен келіп, жанды дауыста ән салып, сотталғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бас бостандығынан айырылған жандар болсаңдар да, барлығымыз бір адамбыз, бәріміздің дәрежеміз Алла Тағаланың алдында тең. Бұл да бір уақытша сынақ, төзе біліңдер. Ешқашан еңселерің түспесін, – деп тілегін білдірді жасақ бастығы А. Төлегенова.