ШҚО-да тергеу изоляторына поштамен ұялы телефон жіберілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғыларын, құлаққапты тәркіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторында отырған адамға пошта арқылы сотталғандардың сақтауына және қолдануына тыйым салынған заттарды қырынуға арналған сұйықтықтың ыдысына жасырған. Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғыларын, құлаққап тәркіледі, - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды поштамен жөнелтушінің кім екендігі анықталып жатыр.
Жіберген адам анықталған жағдайда, ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен жылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы