Тергеу изоляторларына 267 адам дене жарақатымен түсті – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев брифинг барысында айтты.
Жалпы қаңтар айындағы оқиғалар бойынша тергеу изоляторларына 267 адам дене жарақатымен түсті, олардың 33-і қалалық ауруханаларда емдеуден өтті.Қалғандарын тергеу изоляторларының медициналық қызметтері емдеді, бірақ оларды үнемі азаматтық дәрігерлер қарап жүр.Олар жарақаттарын жаппай тәртіпсіздік кезінде әкімшілік ғимараттарға, қызметкерлерге шабуыл жасағанда алған, біз оларды тергеу изоляторына қабылдаған кезінде тіркедік, - деді ол.
Аюбаев атағандай, бүгінгі таңда қамаудағы тек 1 адам Тараз қаласының ауруханасында ем алып жатыр.
Тағы да 30-ы басқа тергеу изоляторларында емделуде.Біз қамауға алынғандардың туыстарын уайыдамауға және олардың жақындары туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз.Тікелей мекемелерге барыңыз, ол жерде сіздер ақпаратты медициналық қызметкерлерден ала аласыз. Мекемелерден алшақ жерде тұратын туыстар үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде және аумақтық департаменттерде Колл-орталықтар жұмыс істейді, - деді Аюбаев.
Ол атап өткендей, қоғамдық комиссиялардың, депутататтардың, қоғамдық мониторинг топтарының тергеу изоляторларына барғаннан кейін оларда ұстаудың тыйым салынған жағдайлары туралы қандай да бір шағымдар түскен жоқ.