Тереңкөл ауылы тұрғынынан тапанша тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тапанша ішкі істер органдарында тіркелмеген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша аудандық полиция бөлімінің полицейлері ауыл тұрғынынан «Байкал» травматикалық тапаншасын тәркілеген.
Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары ауданның тағы басқа бір аулынан нөмірсіз «МР-461» үлгісіндегі травматикалық тапаншаны тәркіледі, - деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.
Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар өңірінің тұрғындарынан 106 қару тәркіленді. Барлық факті бойынша тексеру жүргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында 33 адамнан коронавирус анықталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы