Теннистен Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Триестте өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. 

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Отандасымыз үшінші айналымда италиялық Флавил Коболлимен бақ сынасқан болатын. Нәтижесінде 2 сағат 49 минутқа созылған ойында Тимофей Скатов 6:7, 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол жартылай финалда аргентиналық Мартин Этчеверримен кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы