Теннистен қысқы чемпионат: Астаналық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді
Елорданың «Дәулет» теннис орталығында Қазақстан Республикасының ересектер арасында қысқы чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айтулы доданың финалдық ойындарын тамашалауға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич арнайы қатысты.
Әйелдер финалында тәжірибелі түркістандық Гозаль Айнитдинова мен 16 жастағы елордалық Альбина Какенова кездесті.
Екеуара өткен бірінші сетте Гозаль 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партия ойында жеңіс жерлесіміз Альбинада қалды. Есеп: 7:5. Осылайша тартысты өткен кездесу нәтижесінде елордалық Альбина Какенова күміс жүлдегер атанды.
Ерлер арасында өткен қысқы чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Ілияс Маратұлы үздік үштік қатарынан көрінді. Ол қарағандылық Виталий Зацепиннен 6:4, 6:3 есебімен басымырақ болып, қола медаль иегері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы