24 Ақпан 2025 2025, 18:57 Фото: ҚТФ

Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Елордадағы "Даулет" теннис орталығында ересектер арасындағы Қазақстанның қысқы теннис чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы "Даулет" теннис орталығында ересектер арасындағы Қазақстанның қысқы теннис чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қыздар арасында алтын медаль үшін өткен финалда Альбина Какенова мен Іңкәр Дүйсебай кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бір жарым сағатқа созылған матчта Іңкәр Альбинаны 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Қола медаль үшін болған кездесуде Аружан Сагандыкова Ева Корышеваны 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, ерік-жігер танытты.

Ерлер арасында былтырғы чемпион Григорий Ломакин өз атағын сәтті қорғап, шымкенттік теннис мектебінің өкілі Никита Николенконы сенімді түрде жеңді. Николенко биылғы чемпионаттың басты жаңалығы болды. Финалдың қорытынды есебі – 6:4, 6:2.

Чемпионаттаң тағы бір жаңа есімі – Таир Сарманов қола жүлдегер атанды. Ол қола медальға ие болды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Таир Артём Сидоровты жеңді. Бірінші сетте Сарманов 6:2 есебімен басым түсті, ал екінші сетте Артём жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Жұптық сайыстың нәтижелері:

Әйелдер:

1 орын – Сандуғаш Кенжибаева / Аружан Сагандыкова

2 орын – Сатима Төреген / Іңкәр Дүйсебай

3 орын – Анастасия Крымкова / Альбина Какенова

Ерлер:

1 орын – Григорий Ломакин / Виталий Зацепин

2 орын – Таир Сарманов / Ерасыл Бахтияр

3 орын – Темірлан Кәрім / Артём Сидоров