Теннисші Жібек Құламбаева Чехиядағы жарыстың 1/2 финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Оломоуц (Чехия) ITF W60 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.

Олар алдымен тартысты матчта румыниялық Карола-Патриция Беженару - франциялық Тифани Лемайтрені жолдан тайдырды - 6:4, 3:6, 14:12.

Бүгін ширек финалда чехиялықтар Анета Лабуткова - Ивана Себестовадан басым түсті - 6:4, 6:2.

Қазақстандық-латвиялық жұптың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Бұдан бір апта бұрын Ж. Құламбаева Римдегі осындай додада чемпион атанған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz
Өзгелердің жаңалығы