17 Мамыр 2025 2025, 16:34
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.