Теннисші Анна Данилина Таиланд турнирінде топ жарды

Қазақстан теннисшісі Анна Данилина Таиландта өткен турнирде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Жұптық сында отандасымыз ресейлік Ирина Хромачевамен бірігіп, қарсылас шақ келтірмеді. Олар финалда жапониялық Моюка Утидзима мен гонконгтық Юдис Чон Чхонға қарсы кортқа шықты. 

Кездесу барысында қазақстандық теннисшінің жұбы қарсыластарынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 7:5 нәтижесі тіркелді. 

Айта кетейік, Анна Данилина жұптық санаттағы турнирлерде осымен 11 рет жеңімпаз атанды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы