Теннис: Соня Жиенбаева – Испаниядағы жарыстың жеңімпазы

17 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF Juniors J300 турнирінің чемпионы атанды. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 47-орында тұрған С.Жиенбаева финалда жарыстың 1-ракеткасы, бельгиялық Жульен Вандромені (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оның жекелей сында ITF Juniors додаларындағы жетінші титулы еді.

Матч қиын болды. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бельгиялық қарсыласым топырақ төсенішінде жақсы ойнайтындықтан, бар шеберлігімді салып, үздік өнер көрсетуге тырыстым. Бәрі сәтті болып, биылғы жылдағы алғашқы чемпиондық атаққа қол жеткіздім. Өз командамды, Болат Өтемұратов бастаған Қазақстан теннис федерациясын мені қолдап, сенім артқаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Соня Жиенбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы