Теннис. Іріктеу турнирінде қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

Шымкент қаласында 1-13 мамырда 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен 1-6 мамырда қыздар командалары сайысқа түседі.

Бүгін тартылған жеребе қорытындысына сәйкес Қазақстан құрамасы В тобында Жапония, Иран және Вьетнам командаларымен ойнайды.

Қазақстандық қыздар 1 мамыр күні Вьетнам құрамасымен кортқа шығады.

Ел намысын алматылық Полина Слепцова, астаналық Ариана Гогулина және тараздық Анастасия Крымкова қорғайды.

Команда капитаны Ярослава Шведова баптайтын Қазақстан құрамасында Іңкәр Дүйсебай нөмір бірінші ойыншы болатын. Әйтсе де Іңкәр Өзбекстанда алған жарақатынан толық айықпаған еді. Оның үстіне өзін жайсыз сезінгендіктен, Іңкәрді А.Крымкова алмастырды.

Әр топтан үздік екі команда плей-офф сатысына жолдама алады. Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша қыздар командалары арасында іріктеу сайыстары қорытындысында алғашқы үш орынды иеленген құрамалар әлем чемпионатына қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТФ
Өзгелердің жаңалығы