Теннис: Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдегі алғашқы қарсыласы кім?
Әлемдік WTA рейтингінде тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін турнирге екінші айналымнан бастап қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымды өткізбей, бірден келесі кезеңге өтеді. Онда Рыбакина канадалық Виктория Мбоко (әлемнің 24-ракеткасы) мен украиналық Даяна Ястремскаяға (31-орын) қарсылас болады. Бұл теннисшілер арасындағы кездесу 15 қазанда Еленаның кіммен ойнайтынын анықтайды.
Рыбакина үшін бұл турнир өзін Ухандағы беделді WTA 1000 турниріндегі сәтсіздіктен кейін қайта дәлелдеуге мүмкіндік. Ол жерде 10 қазанда ширек финалда Беларусь өкілі Арина Соболенкоға жол берген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы