Теннис. Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте теннистен «Үлкен Дулыға» турнирінің биылғы маусымдағы соңғы бәсекесі басталды. Бұл сынға Қазақстаннан төрт спортшы қатысуда. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады. Ол бірінші айналымда белоруссиялық Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Екінші кезеңде Елена франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі.
Михаил Кукушкин испаниялық Пабло Андухаровдан, Юлия Путинцева эстониялық Кайе Канепиден ұтылды.
Сондай-ақ италиялық Ясмин Паолиниге қарсы ойнаған Ярослава Шведова да турнирмен қош айтысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы