Теннис: Денис Евсеев Азия ойындарының ширек финалында

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Азия ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік рейтингте 261-орында тұрған Д.Евсеев үшінші айналымда әлемнің 184-інші, Азиаданың 6-ракеткасы, Тайбэй өкілі Тун-Лин Вумен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін таразы басын өзіне аудара білді – 6:3, 6:4.

Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 78-інші, доданың 2-ракеткасы, жапониялық Йосуке Ватанукимен таласады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы