Теннис: Бейбіт Жұқаев жартылай финалда

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол ширек финалда ресейлік спортшы Ян Сабанинмен (әлемнің 1177-ші ракеткасы) кездесті. Аталған матч екі сетте аяқталды. Отандасымыз 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт жартылай финалда Нейхрист (Австрия) пен Фриберг (Швеция) арасындағы жеңімпазбен жолығады.

Еске салып өтсек, қазақстандық теннисші қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 318-ші қатарда тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы