15 Қараша 2026, 08:53 Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті

Жарыстың алғашқы кезеңінде Арыстанбекова мен Есипчук жапониялық Юдзуха Нэгиси мен үндістандық Саумрита Джагаддео Верманы 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші Асылжан Арыстанбекова Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 халықаралық турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды. Бұл туралы Sport.kz сайты жазды.

Финалдық кездесуде бірінші нөмірмен тіркелген Қазақстан мен Украина жұбы румыниялық Стефания Божику мен Анастасия Сафтуға қарсы ойнады. Нәтижесінде Асылжан Арыстанбекова мен украиналық әріптесі Есипчук 6:4, 3:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаз матчтағы шешуші тай-брейкте анықталды.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Арыстанбекова мен Есипчук жапониялық Юдзуха Нэгиси мен үндістандық Саумрита Джагаддео Верманы 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Ширек финалда олардың қарсыластары Екатерина Агуреева мен Анна Карцева кездесуден бас тартты. Осылайша қазақстандық-украиналық жұп алаңға шықпай-ақ жартылай финалға жолдама алды.

Ал жартылай финалда теннисшілер Түркия өкілдері Селина Атай мен Дога Тюркменнен 7:6, 6:2 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, турнир ашық аспан астындағы сазды төсенішті корттарда өтті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрады.