Теннис: Анна Данилина Таиландта өткен WTA турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Тайландта өтіп жатқан WTA 250 сериясы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Спортшы жұптық сайыста табысқа жетіп, финалда ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жеңіске жетті.
Оларға Джудис Чонг Чон (Гонконг) / Моюка Учижима (Жапония) дуэті қарсы болды. Матч екі сетке созылды. Данилина мен Хромачева ақыры 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Франция Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
Өзгелердің жаңалығы