Теннис: Александр Шевченко ATP Challenger турнирінің финалына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP рейтингінде №102) АҚШ-тың Самтер қаласында өтіп жатқан беделді ATP Challenger турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда Шевченко жапониялық Синтаро Мотидзукимен (№120) кездесіп, алғашқы сетте жеңілгенімен, матчтың тағдырын толықтай өз пайдасына шешті. Александр қарсыласын 4:6, 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңіп, кездесуді 1 сағат 57 минутта аяқтады.

Шешуші матчта қазақстандық спортшы титул үшін италиялық Маттиа Беллуччимен (№74) күш сынасады.

Айта кетейік, екінші айналымда Шевченко жапондық Шо Шимабукуроны (№208) жеңсе, ширек финалда тәжірибелі грузин теннисшісі Николоз Басилашвилиден басым түсіп, нағыз қарымды ойын көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АТР
Өзгелердің жаңалығы