Теннесси штатында зауыттағы жарылыстан 16 адам көз жұмды
АҚШ-тың Теннесси штатындағы әскери жарылғыш заттар шығаратын кәсіпорында болған жарылыс салдарынан 16 адамның қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press-ке сілтеме жасап.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаза болғандардың отбасы мүшелеріне қайғылы хабар берілген.
Қазіргі таңда тергеушілер ғимараттың өртеніп кеткен орнын тексеріп, жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Әзірге жарылыстың нақты неден болғаны белгісіз.
Еске салайық, Accurate Energetic Systems зауытында жарылыс 10 қазан күні таңертең болған. NBC News телеарнасының хабарлауынша, спутниктен түсірілген суреттерде жарылыстан кейін ғимараттан ештеңе қалмағаны, тек үйінділер ғана шашылып жатқанын көруге болады. Хамфрис округінің шерифі Крис Дэвистің мәлімдеуінше, оқиға орнынан тірі қалғандар табылмаған, алайда нақты қанша адамның мерт болғанын ол сол кезде нақтыламаған.
Accurate Energetic Systems компаниясы әскери, аэроғарыш, тау-кен өндірісі және ғимараттарды бұзу салаларына арналған жарылғыш заттар мен энергетикалық жабдықтар өндірумен айналысады.