Теңізге эвакуацияланған 600 оқушы үшін жоғары жылдамдықтағы интернет орнатылды

6 сәуірден бастап Теңіз кен орнының вахталық кенттеріне 3000 - нан астам бала эвакуацияланса, олардың көпшілігі-оқушылар екені мәлім, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қашықтықтан оқуды жалғастыру үшін, вахталық кенттерге тиесілі мердігер компаниялар эвакуацияланғандарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті.

Бұл қадам балалардың эвакуация жағдайында да оқуды жалғастыруына мүмкіндік береді.

Құлсары тұрғыны Назым Қалдыбекова 6 сәуірде балаларымен бірге Теңізге көшірілді.

Бастапқыда ол "балаларым мектеп бағдарламасынан артта қала ма" деп алаңдаған. Қазір ол оқу процесі үшін алаңдамайды.

 Таңертең, таңғы астан кейін балалар бірден үстелге отырып, оқуға кіріседі. Жақсы интернеттің арқасында платформада ешқандай проблема жоқ, - дейді Назым Қалдыбекова.

"Aspar Kashagan" ЖШС жатақханаларында 200-ден астам бала тұрады. Олардың көпшілігі мектеп оқушылары және қазіргі жағдайға байланысты олар қашықтан оқып жатыр.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін еріктілердің көмегімен компания аумағында ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырамыз.
Бұл балаларға қауіпсіздік пен жайлылықты сақтай отырып, уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік береді, - деді "Aspar Kashagan" ЖШС операциялық менеджері Салтанат Сүлейменова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы