Теңізді ластаған «Қазатомөнеркәсіп» жазаланады

Каспий теңізіне лас су төккен «Қазатомөнеркәсіп» және тағы бір компания жазаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Каспийге лас су төккен 2 коммуналдық компания мен спорт кешеніне әкімшілік шара қолданылады. Екі тәулік бұрын «Солдат» жағажайында канал арқылы теңізге қоңыр-қызыл түсті сұйықтық ағып жатқанын тұрғындар байқаған. Уәкілетті орган қызметкерлері жедел барып, су каналынан және жағалаудан сынамалар алады. Нәтижесінде құрамында қоршаған ортаға зиянды заттар көп мөлшерде анықталды.

Аталған каналға «Маэк-Қазатомпром», «Каспий су тұшыту» серіктестіктері және «Орбита» спорт кешені төгу жұмыстарын жүргізеді. Төгінді орындарынан және судан сынама алынды. Мыстың, фосфаттың және темірдің шамадан тыс арту фактілері тіркеліп отыр. Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасына хат жолданды. Әкімшілік шара қабылданатын болады, – деді облыстық экология департаментінің бөлім басшысы Гүлім Ұлықпанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы