Теңіздегі дүрбелең: Жүздеген адам кемеден секірді

Колумбияның Санта-Марта жағалауында туристер мінген кемеден өрт шығып, жүздеген жолаушы теңізге секірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

DailyMail таратқан ақпаратқа сәйкес, туристер мінген катамаран тура теңіздің үстінде өртенген. Осылайша, 92 адам ашық теңізге секіруге мәжбүр болған.

Алдын ала белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, өрт қозғалтқыштағы қысқа тұйықталудан шығып, кемеге жылдам таралған.

Құтқару қызметі оқиға орнына жедел жетіп, барлық жолаушыны эвакуациялап, өртті сөндірді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт себептері тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы