Теңізде мердігер мекеме цехы өртенді – Экология министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер мекеме цехы өртенген. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

 

Атырау облысы бойынша экология департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 2022 жылдың 01 наурызында сағат 15:20-да Атырау облысының Жылыой ауданындағы «Nasar Solutions» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің (ҚБК) аумағында өрт шыққан. Оқиға орнында «Теңізшевройл» ЖШС-нің өрт сөндіру авариялық қызметі жұмыс істеуде, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған дерек бойынша Атырау облысы бойынша экология департаменті қазіргі уақытта «Nasar Solutions» ЖШС-не қатысты ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы мәселені шешуде.

Атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын ең жақын орналасқан автоматты бекет қоршаған ортадағы ластаушы заттардың ШРК артуын тіркемеген.

Министрлік нәтижелердің қосымша хабарланатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы