Теңізде ГТЭС-4 нысанында трансформатор өртенді

Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қызметкерлер қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. ТШО-ның апаттық қызметі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз".

Шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 турбинасының трансформаторы да тұтанған. Өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға туралы ТЖД дереу хабардар етілді. Қазіргі уақытта тұтанудың себептері анықталып жатыр. Жағдай бақылауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы