Теңіз жаяу әскерлері жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

Маңғыстау облысындағы «Оймашы» әскери полигонында Ақтау гарнизонының жеке теңіз бригадасы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауынгерлік дайындық барысында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері взводтар құрамында әртүрлі атыс қаруынан және гранатометтерден тікелей атыстарды орындады. 

Теңіз жаяу әскерлері Калашников автоматтары мен пулеметтерінен, Драгунов снайперлік мылтықтарынан, РПГ-7 және АГС-17 гранатометтерінен, сондай-ақ БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерінің стандартты қару-жарақтарынан оқ жаудырды.

Жауынгерлік үйлестіру барысында әскери қызметшілер нақты атыстарды орындады. Ұрыс даласында жасырын қозғалыс әдістерін жаттықтырды. Инженерлік техника мен камуфляжды атыс позициялары мен әскери техниканы орындады. Сонымен қатар, заманауи барлау жүйелерін қолдануды меңгерді, - дейді гвардиялық 1-ші теңіз батальонының командирі, майор Фархат Манабаев.

Жеке құрамның практикалық іс-әрекеттері ұрысқа барынша жақын жағдайларда жүргізілді. Взводтарды үйлестіру кезеңіне Теңіз жаяу әскері бөлімшелерінің барлығы мыңға жуық әскери қызметкері тартылды. 60-тан астам әскери және арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.  

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы