Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су көлігі саласы - көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. 

Қазақстан теңіз порттарындағы жүк айналымының қарқынды ұлғаюы, экспорттық және транзиттік тасымалдардың дамуы саланың маңызын арттыра түсті.

Түрлі тоннаждағы кемелерге қызмет көрсететін Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттары – ел экономикасын одан әрі дамытуға мүмкіндігі мол дамушы теңіз порттары. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан Республикасының порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі – Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарының акваториясында теңіз кемелерін пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау және іске асыру функцияларын іске асыратын аумақтық бөлімше. 2019 жылдың қорытындысында олардың жалпы жүк айналымы 5 млн тоннадан асты, - делінген таратылған ақпаратта.

Порттардың теңіз әкімшілігі инспекторлары кемелерді теңізге шығар алдында тексеруді ҚР ратификациялаған халықаралық конвенцияға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 2019 жылдың басынан порттардың теңіз әкімшілігі инспекторлары 3 портта 4174 кеме кірісін рәсімдеді. Теңізге шығар алдында 340 кеме қаралып, 11 теңіз кемесіне теңізге шығуға рұқсат берілмеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін 56 әкімшілік іс қозғалды.

Кемелерді тексеру барысында кеме құжаттары, тіркеу құжаттары, кеменің қолданыстағы куәліктері, кеме экипажының дипломдары мен куәліктері, апаттық құтқару және өрт сөндіру құралдары, навигациялық және механикалық жабдықтар, машина бөлімшесі, кеме корпусы, жүк маркасы, тасымалданатын жүктің құжаттары тексеріледі.

Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі құрылған сәттен бастап теңізшінің жеке куәлігі мен теңізде жүзу кітапшасын беріле бастады. Ол қазақстандық теңізшілерге бүкіл әлемде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап теңізшінің кәсіби дипломы беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы