Теңіз порттары арқылы жүк тасымалы 1,4 млн тоннаға жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 9 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылдың осы кезеңі деңгейінде болды.
Жүк көліктері мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде біршама өсім байқалды.
Отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалдады. Оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісі бойынша шамамен 9,8 мың бірлік контейнер тасымалданды.
Осы 9 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,4 млн тоннаны құраса, оның шамамен 209 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салынады
Өзгелердің жаңалығы