Теңіз кенішіндегі төбелес: Жұмысшылар бір-біріне пышақ жұмсаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алғандар бар.
Бұл туралы Arasha.kz сайтында хабарланды.Әлеуметтік желілерде Теңіз кенішінде карантинге жабылған вахталық поселкенің жатақханаларының бірінде мердігер компаниялардың жұмысшылары арасында төбелес болып, бір-біріне суық қару қолданғандығы хабарланған аудиожазба мен сол бөлмелердің бірінде қан іздері түсірілген фото тарап жатыр.
Сондай-ақ, аудиожазбада жұмысшылардың бірі көлік жүргізушісі екені және ол пышақты өзінің жанжалдасына сұғып алып, кейін өзіне салғаны және төбелес спирттік ішімдіктің кесірінен болғаны айтылады.
Кейбір дереккөздің айтуынша, бұл адамдар осы жерде наурыздан бері жатқан көрінеді.
"Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі төбелестің болғанын растады.
4 маусым күні мердігер мекемелердің екі қазақстандық жұмысшысы арасында тұрмыстық жанжал кезінде төбелес болып, жұмысшылар зардап шекті. Екі жұмысшы да ТШО клиникасына жатқызылды. ТШО медицина қызметкерлері зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетті. Қазір олардың жағдайы қалыпты және олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл жағдай жергілікті полиция мен басқа да тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, - деді мекеменің баспасөз қызметі.Ал Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазір бұзақылық оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы